Жаңалықтар

Түркістан: 4 азамат covid-19 инфекциясынан жазылды

Түркістан: 4 азамат covid-19 инфекциясынан жазылды

Түркістан облысында 19 сәуір күнгі ақпарат бойынша 4 науқас коронавирус дертінен жазылып шықты. Мақтаарал ауданы Атакент ауылының 1991 ж., 1998 ж. азаматы, 2017 ж., 2019 ж. қос сәби дертінен құлан-таза айығып, отбасыларына оралды. Атап өтейік, 4 азамат та Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы поезбен келген азаматшаның жақын туыстары. Жалпы Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 11-ге жетті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі