Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Биыл Түркістанда 1300-ге жуық пәтер беріледі

Биыл Түркістанда 1300-ге жуық пәтер беріледі

Биыл Түркістанда 1300-ге жуық пәтер беріледі
ашық дереккөзі
 width= Биыл Түркістан қаласында 1300-ге жуық пәтер беріледі, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлім еткендей, бүгінгі таңда Түркістанның Әкімшілік-іскерлік орталығында 7 қабатты 24 тұрғын үй (барлығы 1452 пәтер) салынып жатыр. Оның 22-інің (барлығы 1296 пәтер) құрылысы биылғы қараша айында аяқталмақ. Бұған қоса, ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталықтан 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ, 7 қабатты 15 тұрғын үйдің бірінші қабатын қалау, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмыстары жүруде. Аталған үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. «Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін болады», - деді қала әкімі. Бұдан өзге, облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1-інші және 2-кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.