"Ет жасыл түсті болған". Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандар жайлы айтты

29 Мамыр, 2018 1027 0

Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы – Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды http://newsroom.kz сайты Sputnik Қазақстан сілтеме жасап.

Бекшин ауызашар берген үй иелерінің күні бұрын сатып алған азық-түлікті дұрыс сақтамағанын айтты. 

"Үй иелері сенбі күні 30-ға тарта адамды ауызашарға шақырған. Қонақ күтуге үй иелері алдын ала дайындалыпты. Тәттілерді сатып алып, оны бес тәулік бойы жылы жерде сақтаған. Етті де таңертең пісіріп қойған, сөйтіп ол ауызашар уақытына дейін, кешкі тоғызға дейін тұрған. Осының бәрі қонақтардың астан улануына себеп болған", — деді бас санитарлық дәрігер. 

Тексеріс кезінде пісірілген ет жасыл түсті болғаны әрі жағымсыз иіс шыққаны анықталған. 

"Етті кескен кезде жасыл түсті болған, жағымсыз иіс шыққан. Қара малдың еті мен тұздалған жылқы еті аралас пісірілген", — деді ол.  

Сондай-ақ, ол астан уланғандардың денсаулығы туралы да айтып өтті.  Ауруханаға түскен 20 адамның төртеуі – бала. 

"Тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Жағдай бақылауда. Жансақтау бөліміне түскен екі адамның жағдайы қанағаттанарлық", — деп нақтылады Бекшин.










Тегтер: ет, улану, ауызашар, ифтар, аурухана, уланды, Қарағанды

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.