Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жетісайда 100 жастағы әжейге құрмет көрсетілді

Жетісайда 100 жастағы әжейге құрмет көрсетілді

Жетісайда 100 жастағы әжейге құрмет көрсетілді
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысы, Жетісай ауданының полицейлері 100 жастағы әжейге құрмет көрсетті. Бүгінгі демалыс күні тәртіп сақшылары бір ғасыр жасаған қарияның үйіне барып, тарту таралғы жасады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудандық полиция бөлімі кадр саясаты тобының аға инспекторы Ғабит Айтымбетов пен және Көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Қанат Жұрқабаев ауданының ең қарт тұрғыны, ақжаулықты әжейдің шаңырағына арнайы барды. Күләй Шонбасқызын Қарттар күні« мерекесімен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады. Айта кетейік, қарт әжеміз 5 ұл 3 қыз тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана. Бүгінгі таңда олардан 53 немере, 32 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отыр. 100 жасқа қадам басқан қария өзін құрметтеп келген тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, ақ батасын берді. «Балаларым сендерге менің жасымды берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар. Жұмыстарыңда тек биіктен көрініңдер. Алғандарың алғыс болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», - деді әжей. Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері үнемі қарттардың хал-жағдайларын біліп, құрметтеуді әдетке айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар тек мереке күндері емес жыл бойына жалғасын тауып келеді.