Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Праймериз: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды

Праймериз: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды

Праймериз: Түркістан облысында 209 дауыс беру орны ашылды
ашық дереккөзі
 width= Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 16 аудан, қаласында 209 арнайы дауыс беру орындары жұмысын бастады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Аталған орындардың 170-інде онлайн режимде, ал 39 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс берілмек. Онлайн дауыс берілген 2 күннің ішінде Түркістан облысы бойынша жалпы 78262 партия мүшесінің 58211-і өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазіргі таңда арнайы әзірленген 209 орында дауыс беру жалғасуда. Түркістан жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183-і (87,1%) онлайн, 10079-ы (12,3%) қағаз бюллетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілген. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары екені байқалған. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері өз жұмыстарын жүргізуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату