Бүгіннен бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндетті

01 Сәуір, 2019 533 0

NewsROOM+. Бүгіннен бастап такси жүргізушілері жолаушыларға түбіртек беруге міндетті.

Елімізде 1 сәуірден бастап бірнеше қызмет түрлері тұтынушыларға түбіртек беруге міндеттеліп отыр, деп жазады Ақорда.

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығы толықтырылды.

Өзгерістер 1 сәуірден, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Такси жүргізушілерімен бірге түбіртек беруге шаштараз және сұлулық салонының қызметкерлері, ломбардтар мен қонақүйлер, құмар және бәс тігу орталықтары, сондай-ақ сылақ жұмыстарын орындаушылар, аудио және бейнетехникалардың, тұрмыстық электр аспаптарының бөлшек саудасымен айналысушылар міндеттелген. Түбіртек беруге міндеттеліп отырған қызмет түрлерінің толық тізімін Ақорда сайтынынан анықтауға болады.



newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.


Тегтер: такси, жүргізуші, жолаушы, түбіртек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.