Түркістандық сайлаушы: онлайн дауыс беру дұрыс шешім болған
Түркістандық сайлаушы: онлайн дауыс беру дұрыс шешім болған
Түркістан облысында праймериз шарасының дауыс беру кезеңі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Партия мүшелерінің бірі Нариман Мархабаев дауыс беруде онлайн жүйенің қолданылуы дұрыс шешім болғанын айтады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нариман Мархабаев ең жас сайлаушылардың бірі саналады. Жасы 19-ға толған жігіт Келес ауданындағы «Жастар ресурстық орталығында» инспектор болып қызмет атқарады.
«Праймериздің онлайн форматта өткізілуі дұрыс шешім болды. Біріншіден, пандемия кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі сақталды. Екіншіден, сайлаушылардың уақыты үнемделді. «Праймериз» ақпараттық жүйесі жақсы жасалған. Барлық кандидат туралы дерек бар. Мен ауданның, облыстық дамуына үлес қосады-ау деп сенім артқан бірнеше үміткерге дауысымды бердім. Үздіктерді осылай ашық таңдаған жөн», – дейді ол.
Айта кетейік, өңірден 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған болатын. Бүгінде олардың 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген.