АҚШ-тың Бас консулы "Борат-2" фильміне қарсы петиция жазғандарға жауап берді

АҚШ-тың Бас консулы "Борат-2" фильміне қарсы петиция жазғандарға жауап берді

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы қазақстандықтардың "Борат-2" фильміне қарсы петициясына жауап берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Олардың айтуынша, 23 қазанда "Борат-2" фильміне қарсы бірнеше азаматтың атынан петиция түскен. "Америка Құрама Штаттарының билігі бұл фильмді түсіруді не прокатқа шығаруды қаржыландырмады. Өз ойын білдіру бостандығы мен бейбіт жиындар еркіндігі АҚШ Конституциясымен кепілдік берілген құқықтар АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылықтар болып саналады. Біз азаматтардың өз ойын еркін бейбіт түрде жеткізуін қолдаймыз. Біздің елді мықты ете түсетіні де осы", - делінген хабарламада. "АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер атап өткендей, АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас - штаттарда білім алатын және жұмыс істейтін қазақстандықтардың және Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алған америкалықтардың арқасында", - дейді АҚШ консулдығы.

Жүктелуде...