Жаңалықтар

Елордада "Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды

Елордада "Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды

«Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісі карантинге жабылды. Аумақта дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елорда əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Кіреберіс қоршалды, полиция қызметкерлері кезекшілік етіп жатыр. Тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне ғана шығуға болады. Қалған жағдайда үйден шығуға қатаң тыйым салынады. Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Тұрғындар үй карантинінде.