weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
23 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жириновский Алматыдағы бір көшені өз есімімен атауды ұсынды

Жириновский Алматыдағы бір көшені өз есімімен атауды ұсынды

Жириновский Алматыдағы бір көшені өз есімімен атауды ұсынды
ашық дереккөзі
 width= Ресей мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесінің өз есімімен аталғанын қалайды. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтып өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Алматы мен үшін туған қалам болып қала береді. Өйткені мен сол жерде дүниеге келдім. Мектептегі ең қызықты күндерім де сол қалада өтті. Негізі мен 1946 жылы 25 сәуірде дүниеге келіп, 1964 жылдың 3 шілдесінде Алматыдан кеттім. Сондағы үйім әлі күнге дейін тұр. Масанчи 79–да тұрған едім. Бір кездері бұл көше Дүнген деп аталды, нөмірі де басқаша болған. (67, 3-пәтер) Бұл көшеге менің атымды бергенін қалаймын. Тіпті, мектепке де менің атымды беруге болады. Себебі мен Ресейден шыққан әлемдегі ең танымал саясаткермін. Қазақстаннан шыққан деуге де болатын шығар. Өйткені сол жақтың тумасымын», – дейді Жириновский.