Қазақстандықтар "Мен туымды мақтан етемін" акциясын бастады

Қазақстандықтар "Мен туымды мақтан етемін" акциясын бастады

ашық дереккөзі

 width= Қазақ жұрты "Мен туымды мақтан етемін" акциясын бастап кетті. Әлеуметтік желі қолданушылары, олардың арасында танымал блогерлер, спортшылар мен белсенділер еліміздің туы бар суреттер мен видеоларды парақшаларында жариялап жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бұл акция "Борат-2" фильмінің шығуымен байланысты секілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Аустралияда Бораттың үлкен мүсіні орнатылып, Қазақстанның жалауларымен флешмоб өткен еді. "Борат егіздерінің шеруі" Сиднейдегі Бондай Бичтің ең танымал жағажайында өткен болатын. Осы жағдайға байланысты 23 қазанда алматылықтар АҚШ бас консулдығы ғимаратының алдында "Борат-2" фильмінің көрсетілімін тоқтатуды талап етті.

Жүктелуде...