Президент: Білім беру үрдісінде басты назар мемлекеттік тілде болуы керек

30 Наурыз, 2019 809 0

NewsROOM+. Білім беру үрдісінде басты назар мемлекеттік тілде болуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

"Балаларға білім беру үрдісінде басты назарды мемлекеттік тілге, қазақ тіліне беру керек. Орыс тілін де оқыту керек, себеп түсінікті. Ағылшын тілін де оқыту қажет, екі тілмен қатар емес, кейінірек меңгеруге болады. Осылайша, үш тілді, болашаққа ашық көзбен қарайтын ұрпақты тәрбиелейміз" - деген Президент парақшасында.

Тегтер: тоқаев, президент, қазақтілі, үштілділік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.