Атырау әуежайында әйелді абайсызда атып жіберген полицей жұмыстан шығарылды

30 Наурыз, 2019 698 0

NewsROOM+. Атырау әуежайында абайсызда әйелге оқ атқан полицей, оның жетекшісі мен тағы бірнеше адам тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлады ҚР ІІМ көліктегі полициясы департаментінің басшысы Аманжол Қабылов.

"Бұл жағдайға қатысты қызметтік тергеу жүргізілді. Сержант полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шығарылды", - деді Қабылов. 

Сонымен қатар оның басшысы да қызметінен босатылды. Тағы бірнеше лауазымды тұлға қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

Атыраудағы желілік полиция бөлімі зардап шеккен әйелге қажетті көмек көрсетеді.

"Қазір әйел адамның жағдайы қанағаттандырады. Ол бүгін ауруханадан шығады. Көліктегі полиция департаменті жетекшілігі бұл жағдайға қатысты өкініш білдіріп, зардап шегушіге қажетті көмек көрсететін болады", - деді Қабылов.

Жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкерлері салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Кеше, 29 наурыз күні Атыраудағы халықаралық әуежайдың жеке тексеру бөлмесінде полиция қызметкері абайсызда оқ атқан болатын. Ол банктің инкассация қызметінің қаруын тексермек болған. Оқ күту залында отырған әйелге барып тиген.

Дерек көзі: hola news

Тегтер: атырау, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.