Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Оның ішінде: 371 шақырымы (44 %) – асфальт, 360,3 шақырымы (42,6 %)-шағал тас, 113,7 шақырым (13,45%) - топырақ жол. Жыл басынан бері қала ішіндегі жолдардың 9,2 шақырымына құрылыс жұмыстары (2 көше), ал 106,1 шақырымына орташа жөндеу (81 көше) жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.
Сондай-ақ, аталған жұмыстардың барысында 109,1 шақырым аяқ жолдар, 15,7 шақырым суағар науа, 15,7 шақырым жарықтандыру жүйесі, 2,7 шақырым веложолдар салынады.
«2020 жылда атқарылатын жұмыстардың нәтижесімен асфальт жолдар 13,7 % пайызға өссе, тас жолдар 13,65 % пайызға азайып отыр. Сонымен қатар, биыл орталық 3 көшеге 17 дана соңғы үлгідегі заманауи аялдамалар орнатылды. Бұдан өзге, облыс орталығында 875 көшенің 162-і, яғни, 282 шақырымы жарықтандыру жүйесімен қамтылған. 2020 жылы 160 шақырымды құрайтын 123 көшеге жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, олардың 101 шақырымды құрайтын 78 көшесінде жұмыстар аяқталған», - деді Рашид Абатұлы.
Жыл соңына дейін қала көшелерін жарықтандырумен қамту деңгейі 18,9 пайызға артып, 33,3 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі