weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір ай көлемінде әркім өзінің мүмкіндігін білді

Бір ай көлемінде әркім өзінің мүмкіндігін білді

Бір ай көлемінде әркім өзінің мүмкіндігін білді
ашық дереккөзі
 width= Праймериз мәреге таяп қалды. Амандық болса, ертең партияішілік сайлау тәмам. Бір ай көлемінде әркім өзінің мүмкіндігін білді. Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясы мүшелерінің 70 пайыздан астамы өз таңдауларын жасады. Сайлаушылардың қай үміткерге қаншалықты сенетінін «Primaries.kz» арнайы сайты сәт сайын жаңартылып көрсетіп тұр. Иә, Түркістан қаласында елге қызмет етемін деген азаматтар аз емес. Партия осындай ниеттегі жандарды халық алдына шығарып, ертеңгі күні елге қызмет етуге лайық дегендерді сыннан өткізуде. Ендеше, алдағы уақытта топты жарып, белсенділігімен ел үмітін ақтауға лайық деп танылған үміткерлердің еңбегіне мол табыс тілеймін. Осы кезеңде газет оқырмандары деп жүрген қалың бұқара арасындағы партияластарыммен сайлаушыларым ретінде жүздестік. Қолдау білдіріп, ниет танытқан сайлаушылар аз болмады. Соған сай сол азаматтар маған өз дауыстарын берді деп санаймын. Ең бастысы додаға түсіп, сын сағатта дос-жаранның тілеуін байқадым. Жаратқан абыройдан айырмасын. Тағы да праймериз үміткерлеріне сәттілік тілеймін. Алдағы күндерден тек жақсылықтар күтеміз!