Кентау: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда
Кентау: Шалғай ауылдағы тұрғындар дауыс беруде белсенділік танытуда
Бүгінде еліміздің барлық аймағында алғаш рет партияішілік праймериз өткізілуде. Ең мықтыларды анықтайтын саяси доданың үшінші күні Түркістан облысында 209 дауыс беру орындары ашылды. Оның 39-ында қағаз бюллетенмен дауыс беріледі. Бұл интернеті нашар, шалғайда тұратын ауыл тұрғындары үшін тиімді.
Кентау қаласы, Ұшқайық ауылында дәстүрлі сайлауға ауыл тұрғындары жоғары деңгейде белсенділік танытуда. Таңғы 8-ден бастаған дауыс беруге ауыл тұрғыны зейнеткер, ауылдағы қоғамдық кеңестің төрағасы Әліжанов Қалыбек Абдухадирұлы да өз таңдауын жасады. "Біздің ауыл тұрғындары партияішілік праймеризге атсалысуда. Дәстүрлі түрдегі дауыс беруде менде лайықты деген азаматтарға қолдау таныттым. Праймериз – бұл ең мықтыларды анықтайтын жаңашыл жүйе. Жұмыста, шалғайда жүріп те дауыс беруге ыңғайлы етіп ұйымдастырылған."– дейді ол.
Жалпы Кентау қаласы мен ауылдарды қосқанда 7009 партия мүшесі, 24 БПҰ бар. Дәл қәзір партия мүшелерінің 68 пайызы дауыс берді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі