Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы праймеризі дауыс беру кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр. Бүгін таңғы 8.00-ден бастап өңірдің 16 аудан, қаласында 209 арнайы дауыс беру орындары жұмысын бастады.
Бұл орындардың 170-інде онлайн режимде, ал 39 орында қағаз бюллетень арқылы дауыс беріледі. Онлаин дауыс берілген 2 күннің ішінде Түркістан облысы бойынша жалпы 78262 партия мүшесінің 58211-і (3 қазан, 9.50-дегі мәлімет) өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазіргі таңда арнайы әзірленген 209 орында дауыс беру жалғасуда.
Түркістан жұртшылығы таңғы 8.00-ден бастап учаскелерге келіп, белсенділігін танытып жатыр. Олардың арасында сан түрлі саланың өкілдері бар. Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183-і (87,1%) онлайн, 10079-ы (12,3%) қағаз бюллетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілді. Жалпы өңірде праймеризге деген қызығушылық өте жоғары. Дауыс беру орындарында карантин талаптары сақталған. Ұйымдастыру және санақ комитеттері жұмыс жүргізіп жатыр.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі