Түркістан қызғалдақтай құлпырып тұр

30 Наурыз, 2019 1107 0

NewsROOM+.Өткен жылдың желтоқсан айында облыс орталығы Түркістанда қызғалдақтың 3 түрінен 300000-нан астам түп отырғызылған еді. Қазіргі  таңда  жапырақ жайып, толық гүлдеген қызғалдақ қаланың көркін аша түскен.Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап,newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Алқызыл гүлдер қаладағы Алматы алаңына және Б.Саттарханов даңғылы мен Әмір Темір, Тыныштықұлов көшелерінің бойы мен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайына отырғызылған. 

Сондай-ақ, сәуір-мамыр  айларында қалаға  350 000 түп  сәндік декоративті гүл  түрлерін  отырғызу  жоспарланып отыр.
Қосымша қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, қаладағы мекемелердің қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері өз үлестерін қосып, ағаш отырғызуға атсалысуда.

Тегтер: түркістан, көктем, қызғалдақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.