Астанадағы өзеннен сәби денесі табылды

28 Мамыр, 2018 1022 0

Астанада өзеннен жаңа туған сәби өлі табылды, - деп жазады Tengrinews.kz сілтеме жасаған newsroom.kz. Бұл мәліметті қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері растады.

Сәбидің денесі 24 мамырда Есіл өзенінен табылған.

"Астана қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сәбидің анасын анықтауға және осы қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.

Тегтер: астана, есіл, сәби, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.