Сайрамдағы түрлі сала өкілдері праймеризде өз таңдауларын жасады

Сайрамдағы түрлі сала өкілдері праймеризде өз таңдауларын жасады

ашық дереккөзі

 width=

Түркістан облысы Сайрам ауданында праймериздің онлайн дауыс беру кезеңі қарқынды жалғасуда. Қазірдің өзінде аудандағы бастауыш партия ұйымдарының 2701 мүшесі дауыс беріп үлгерді. Солардың қатарында Сайрам аудандық әжелер ұйымының төрайымы Үмітгүл Муратбекова да бар. Әжеміз де онлай дауыс беру жүйесіне қатысып, өз таңдауын жасады.
Облысымызға «Эмир» сауда белгісімен танылған сүт өнімдерін өндіретін зауыт қызметкерлері де праймериз үміткерлеріне дауыс беріп, үздіктерді таңдады.
Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында “Nur Otan” партиясының ең мықты кандидаттарды іріктеу мақсатында мекеме қызметкерлері Айна Туребекова, Эльмира Боранбай, Сарвиноз Анартаева да праймериз үміткерлеріне дауыс беруге атсалысты.
Сондай-ақ, Жібек жолы ауылдық округінде "Nur Otan" партиясының ең мықты кандидаттарды іріктеу мақсатында ауыл ақсақалы Б. Ботанов, әйелдер кеңесінің төрайымы А. Медеуовалар бастаған денсаулық сақтау және мәдениет саласының өкілдері де өз таңдауларын бір мезетте жасап, ұжымның ауызбірлігін көрсетті.
Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу мақсатындағы сайлауына 71 үміткер тіркеліп, бағын сынауда. Ал бұл азаматтарға Сайрам ауданындағы «Nur Otan» партиясының мүшесі болып табылтын 6986 азамат дауыс бере алады. Оның 5454-і онлайн дауыс беруге тіркелген. Ал 1532-сі ертең, 3 қазан дәстүрлі түрде бюллетень арқылы дауыс бермек.
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жүктелуде...