«Дауыс беру кезеңі 1 қазан күні түңгі 00:00-де басталды. Дауысымызды беруге ұжым болып кірісіп кеттік. Өйткені біз «Nur Otan» партиясының мүшесіміз. «Праймериз-2020» қосымшасын арнайы жүктеп алып, тіркеуден өткенбіз. Бүгін міне, ұжым болып, бір мезетте дауыс бердік. Жалпы, біз осы саяси науқанның әділ де, шыншыл әрі ашық өтетініне сенеміз», – дейді Ғанижан Болатбекұлы.«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы, Шардара ауданы, «Майқала» бастауыш партия ұйымында – 290, «ХАМИТ» СПК партиялық тобында 7 партия мүшесі бар.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі