
Британ диджейі Кристофер Комсто /Marshmello/ және қазақ диджейі Иманбек Зейкенов /Imanbek/ АҚШ әншісі Usher-мен бірлесіп "Too Much" атты трек жазды.Бұл туралы Usher өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Baribar.kz сайтына сілтеме жасап.
Иманбек Зейіновтың өзі бұл коллаборация туралы әзірге тарқатып ештеңе айта алмайтынын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, тректің видеосы жақын арада жарық көруге тиіс. Usher ұсынған кей платформада “Too Much” трегін қазақстандық қолданушылар тыңдай алмайтын болып шықты. Алайда релиздің өзі Youtube хостингіне жүктелген екен.