Жігіттер тобының әншісі қыз ұзатты

29 Наурыз, 2019 1584 0

NewsROOM+. Айдар Тұрғанбек көне қазақ дәстүрін жаңғыртпақ ниетте. "Жігіттер" тобының әншісі жақында өсиет әнін жаздырып, қыз ұзатуға кіріскен. Сері ұзату тойларының ханшайымына айналған Жазира Байырбековаға бәсекелес бола ала ма? Бұл туралы Stan.kz жазады. 

"Қазақтың барлық қызы менің қарындасым, сондықтан осы "Қарындасқа тілек" деген әнді жаздым, дәстүр бойынша баяғыда қарындасын өсиет айтып ағасы ұзатқан екен, сол дәстүрді жаңғыртып жатырмын. Алла қарындастарымызды бақытты етсін", - деп бөлісті Айдар ұзату тойдан видео жариялап. 

Сондай-ақ, 31 арнаға берген сұхбатында Айдар бұған табыс көзі ретінде қарағанын да жасырмай айтқан. Әйткенмен ұзатылар қыздарға арнап ән жазу бұрыннан бергі мақсатым, - дейді Айдар. 

Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Айдардың бастамасын қолдап, біздің қыз да сіздің қолдан ұзатылса деген тілектерін білдірді. Сондай-ақ, ер азаматтың қыз ұзатқаны ерсі көрінеді деп пікір қалдырғандар да табылды.


Тегтер: жігіттертобы, айдартұрғанбек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.