Асхат Садырбай: Мемлекеттік компаниялар сайты мен доменін қазақшалауы тиіс

Асхат Садырбай: Мемлекеттік компаниялар сайты мен доменін қазақшалауы тиіс

ашық дереккөзі

 width= Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асхат Садырбай еліміздегі халықаралық, мемлекеттік компаниялардың ресми сйаттарын, домендері мен әлеуметтік желідегі парақшаларын қазақша жүргізуді талап ету керек екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы мәселеге назар аударуын сұрады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Біз бүгін мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы бірқатар ұсыныс бергіміз келеді. Соның ішінде интернеттегі қазақ тілінің репрезентациясына аударсақ деймін. Кейбір мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік компаниялардың ресми сайындағы қазақша нұқасына басымдық бермейтінін, тіпті, әлеуметтік желідегі парақшаларында да қазақша жазуға келгенде құлық танытпайтынын көп байқаймыз. Тіпті, кейбір мемлекеттік органдардың домені қазақша жазылмаған.  Еліміздегі ірі халықаралық компаниялардың сайтынан да, әлеуметтік желідегі парақшаларынан да мемлекеттік тілге жеткілікті көңіл бөлінбейтінін аңғаруға болады. Қазір бәріміз интернетке, әртүрлі ақпараттық сайттар мен гаджеттерге тәуелді екенімізді ескерсек, аталған мәселе көңіл бөлуге тұрарлық. Сондықтан интерттегі тіл мәселесіне көңіл бөлініп, мемлекеттік тілге қатысты талап қойылып, әлгі сайттар мемлекеттік тілге назар аударса, тілдің қолдану аясы әлдеқайда кеңейіп, ана тіліміздің дамуына үлкен әсерін берер еді», - деді ол.

Жүктелуде...