Павлодарда әйел адам көпқабатты үйден құлап қаза тапты

29 Наурыз, 2019 578 0

NewsROOM+. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам алтыншы қабаттан құлаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан әлеуметтік желіде фото жарияланды. 

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласындағы оқыс оқиға Бектұров көшесі 115 мекенжайында орын алған.

 - Аталған фактінің себебі мен қазіргі жағдай анықталуда, - деді департаментте. – Сараптама тағайындалды. Қаза болған әйел 1971 жылы дүниеге келген. Ол осы үйде тұратын. 

Денсаулық сақтау басқармасында оқиғаның шамамен сағат 07:59 бен 08:05 аралығында болғанын айтты. 

- Алты минуттан кейін келген жедел жәрдем адамның биологиялық өлімін анықтады. Себебі әлі белгісіз, - деді басқармада. 

Фото: @ti.pavlo


Тегтер: павлодар, оқысоқиға

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.