weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекет басшысы жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті

Мемлекет басшысы жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті

Мемлекет басшысы жұрттың көкейінде жүрген күдікті сейілтті
ашық дереккөзі
 width= Еліміздегі ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтын болды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы қазіргі кезде жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Көптеген ЖОО коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме туғызуда. Сондай-ақ ірі мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін», - деді президент.
Сонымен қатар мемлекет басшысы бұл мәселенің айрықша назарда екенін айтып өтті.