Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне ене ме?

Дәстүрлі оқыту жүйесі ІІ тоқсанда өз күшіне ене ме?

ашық дереккөзі

 width= Бірінші тоқсан аяқталуға жақын, екінші тоқсанда оқушылар дәстүрлі оқу жүйесіне көше ме?  Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят жауап берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Балалардың мектепке баруы жөнінде мәселе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия күнде жұмыс жүргізуде. Ол комиссияның құрамына Білім және ғылым министрлігінің өкілдері де енеді. Сол себепті бұл сұрақ кейін шешілетін болады», - деді Ажар Ғинаят.
Еске сала кетсек, бұған дейін бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі жауап беріп, шешімді Денсаулық сақтау министрлігінен күтіп отырғанын хабарлаған еді.
«Мектеп жұмысының форматы кинотеатрлар, сауда орталықтары, фитнес-орталықтар секілді санитариялық дәрігерлердің шешімі мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпарат таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деген болатын БҒМ баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек.
 

Жүктелуде...