Мәжіліске халыққа жаны ашитын тұлғалар, ары таза адамдар келе ме?

Мәжіліске халыққа жаны ашитын тұлғалар, ары таза адамдар келе ме?

Ең біріншіден бұл алдағы Мәжіліс сайлаулары негізгі үш өзгешілігі бар. Бірншісі, міндетті түрде 30 пайыздық квота жастар мен әйелдерге беріледі. Бұл қандай нәтижеге алып келеді? Бесінші шақырылымдағы мәжілістің құрамы орта жасы 55 жас. Ал, жастардың 30 пайызы сақталатын болса, мәжіліс жасарады деген сөзі.Ал, өзге сарапшылар мәжіліске шын халық жанашырлары келеді деп үміттенеді. Қайрат Жанайбеков, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:
Осы Парламент Мәжілісінде болған көптеген депутаттарды білеміз. Бірақ та олардың қандай маңызды сұрақпен айналысқанын халық білмейді. Сондықтан қоғам белсендісі, халыққа жаны ашитын тұлғалар келсе, жастар келсе, соған бүгінгі саяси науқан үкен септігін тигізеді деген ойым бар.Елімізде ресми тіркелген 6 саяси партия бар. Олар: "Nur Otan" партиясы, "Ақ жол" демократиялық партиясы, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, "Ауыл" ұлттық-демократиялық партиясы, "Бiрлік" саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Ал, бүгінгі Парламенттің Төменгі палатасының құрамы алғашқы атаған үш партияның депутаттарынан жасақталған. Мәжілісте жалпы саны 107 халық қалаулысы бар. Оның 98-і саяси партиялық тізіммен сайланса, қалған 9-ы - Қазақстан халқы ассамблеясынан құрамынан қосылады. Ал, алдағы сайлауда кімнің "халық қалаулысы" болатыны қазақстандықтардың таңдауына тікелей байланысты. Өйткені, дауыс беру құқығы бар әрбір ел тұрғыны жоғарыда атаған 6 партияның біріне қолдау білдіре алады.