2 жылдан бері жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер жазаға тартылмақ

2 жылдан бері жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдер жазаға тартылмақ

ашық дереккөзі

 width= Ауыл мұғалімдерінің алаяқтығы! Ақмола облысында жалған дипломмен екі жылдан бері жұмыс істеген педагогтар ұсталды. Аймақта жыл басынан бері 12 ұстаздың осындай әрекеті әшкереленген. Құжатты заңсыз жолмен жасатқан мұғалімдер математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ бергені анықталды. Соңғы болып 16 қазанда 31 жастағы әйел қолға түсіпті. Полиция қызметкерлері оның ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепке жұмысқа орналасу үшін аудандық білім бөліміне жоғарғы оқу орнын тәмамдағаны туралы жалған құжат ұсынғанын дәлелдеді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Гүлнәр ПИНЧУК, Облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы:

"Жалған құжат ұсынған азаматқа қатысты ліміздің Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол құжаттардың қолдан жасалғанын мойындады. Ал он мұғалімге қатысты тергеу аяқталды. Енді оларға қатысты шешімді сот шығарады. Ал екі адамға қатысты тергеу әлі жалғасуда".
 

Жүктелуде...