Алматылық көшеде белгісіз зат шашып жүр

Алматылық көшеде белгісіз зат шашып жүр

ашық дереккөзі

 width= Көшеде белгісіз зат шашып жүрген ер адам алматылықтарды қорқытты. Ер адам Алатау ауданы Зерделі ықшамауданында видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Видеоның сипаттамасында мұның Алматы қаласының Алатау ауданында болып жатқаны айтылады. Алматының Жасыл экономика басқармасы мен тұрғын үй қатынастары басқармасы қалада ешқандай дезинфекциялық және дезинсекциялық жұмыстар жүргізілмегенін айтады. Ал Алматы полициясы департаментіндегілер видеодағы ер адамның іздестіріліп жатқанын айтты. "Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тексеру шараларын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіпж атыр. 102 пультіне сигнал түспегенін атап өтеміз. Барлық жағдайды анықтап, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз", - деді полициядағылар.

Жүктелуде...