Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін ол премьер-министр Кеңсесінің шоғырландырылған талдау бөлімін басқарған, сонымен бірге премьер-министрдің кеңесшісі, қаржы министрінің кеңесшісі болған.