Дәрігердің салғырттығы сал ауруына шалдыққан баланы жетім етті

Дәрігердің салғырттығы сал ауруына шалдыққан баланы жетім етті

ашық дереккөзі

 width= Ата-анасы одан перзентханада бас тартқан. Дәрігерлер «ұлдарыңыз бір жыл да өмір сүрмейді» деп, балаларына қорқынышты диагноз қойған екен. Дегенмен, тағдырына мойымай, қазір тоғыз жасына толған ұлдары бәріне өмірге деген құлшынысын дәлелдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. Бұрын Димаш сал ауруына шалдыққан еді. Ал қазір сап-сау болмаса да, алғашқы қадамдарын сенімді басып жүр. Балақайдың жасы тоғызда. Дегенмен ауыр диагнозбен дүниеге келген сәбидің әрі қарай өмір сүре алатынына дәрігерлер бір пайыз да кепілдік бермепті. Ал ата-анасы сол кездегі шешімдеріне әлі күнге дейін өкінеді екен. Динара САЙЛАУХАНОВА, Димаштың анасы:

«Басында, синдром болды, ми ауытқуы болды, сосын аяғы мен қолында саусақтыра ашылмай қалды. Одан кейін біз еріксіз балалар үйіне тастадық баланы. Диагнозы ауыр баланы»
Дегенмен, көрер жарығы бар ол бәріне мықты екенін дәлелдеп шықты. Димаш әуелі балалар үйінде, кейін Аягөздегі ерекше балаларға арналған арнайы интернатта тәрбиеленді. Ұзақ уақыт бойы Димашпен тәрбиешілер мен дәрігерлер жұмыс істеді. Ал ұлдарының аман-есен екенін ата-анасы тек 3 жыл бұрын ғана біліпті. Динара САЙЛАУХАНОВА, Димаштың анасы:
«Мен барғаннан кейін ғана мамасын көргеннен кейін балам жүре бастады. Документін жинап үйтіп-бүйтіп қолымызға алдық. Қайта қайта қоңырау шалып, қайта-қайта барып жүрдік қой көріп жүрдік, бәріне рахмет айтам»
Димаш үйдегі үшінші бала екен. Туғанынан жырақта өссе де, жақындарына аз уақытта бауыр басты. Қазір әжесінің қасынан шықпайды. Дәрігерлер, осындай ортада баланың аяғына бірден тұрып кететініне сенімді. Өйткені Димаш сияқты ерекше жандарға ерекше күтім қажет. Шолпан МАКАШЕВА, Әлеуметтік қызметтерді көрсететін балалар орталығының басшысы:
«Міне бәрі күткен бақытты сәт осы. Алдағы уақыта Димаш сияқты орталығымыздағы басқа балалар да ата-анасының жылы құшағын сезінер деп үміттенеміз. Димаштың отбасына оралғанына қатты қуаныштымыз»
Аягөздегі арнайы орталықта 95 бала тәрбиеленіп жатыр екен. Көбінің тағдыры Димаштікіне ұқсайды. Дегенмен, орталық қызметкерлері олардың әке-шешесі ертелі-кеш ұл-қыздарын өздеріне алып кететініне үміттенеді.    

Жүктелуде...