Балалар алаңқайына дүкендер салынуда - тұрғындар наразы
Балалар алаңқайына дүкендер салынуда - тұрғындар наразы

"Аумақты тазартып бастағанда-ақ күдіктеніп едік. Бірақ, бізге бұл жерде автотұрақ болады деп жұбатты. Балалар және спорт алаңы да салынады деді. 15 қыркүйек күні жоқ жерден дүкеннің құрылыс басталып кетті. Түк түсінбей қалдық. Содан кейін бас көтере бастадық".Алаңда белең алған заңсыз құрылысқа тұрғындардың түгелі қарсы. Себебі барлығының тілегі бір. Балаларға пайдалы спорт алаңы не болмаса, автотұрақ салынса дейді. Ал дүкенге келсек, маңайда бір емес, бірнешеуі бар көрінеді. Юрий ГОЛУБЕВ, қала тұрғыны:
«Бұл жерде 25 жылдан бері тұрамын. Мұнда дүкен салудың керегі жоқ. Айналамызда 4-5 дүкеніміз бар. Бұл мыңдаған тұрғыны бар жаңа үй емес қой. Тасжол төсеп, маңады тегістеуге миллиондар жұмсалды. Халықтың игілігіне берілген учаскеге енді дүкен салмақшы».Павлодар әкімдігі осы сынды бос жатқан бірнеше аумақты «Магазин у дома» бағдарламасы аясында «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына үлестіріп берген. Қазіргі таңда аталған мекемеге хат жолданды. Бірақ ресми жауап келмепті. Салтанат ӘКІМБЕКОВА, Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы:
«Павлодар қалалық әкімдігі бірқатар жер учаскесін «магазин у дома» бағдарламасы аясында «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына берген еді. Әкімдік тарапынан аталған ұйымға хат жолданды. Себебі аталған шағын аудан дүкенге мұқтаж емес. Оның орнына абаттандыру жұмыстарын қажет етіп тұр. Қазіргі таңда біз ресми жауапты күтудеміз».Әкімдіктің уәжі осы. Даулы мәселені тұрғындардың пайдасына шешіп беруге ниеттіміз дейді. Осы орайда дүкен құрылысының қарқынды жүріп жатқанына қарап-ақ, ресми жауаптың парқын аңғару қиын емес тәрізді. https://www.youtube.com/watch?v=dX6chk5qD2k