Нұрлан Нығматулин депутат сайлауына қатысты пікір білдірді

Нұрлан Нығматулин депутат сайлауына қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

 width= Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин депутат сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті парламент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әрине, парламент сайлауы еліміз үшін, соның ішінде халқымыз үшін өте маңызды қадам. Себебі парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыруға және халықтың сеніміне ие болуға үлкен мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді мәжіліс отырысында.
Сайлау демократияны нығайтуға, ел дамуына үлкен серпіліс беретініне сенімдігін білдірді.
"Партиялар бәсекелестік күресте халық сенімінің мандатын ала алады. Тәуелсіздік жылдарында болған парламент сайлауы болсын, президент сайлауы болсын, қазақстандықтар үнемі жоғары саяси мәдениетті көрсетіп келеді. Алдағы сайлау да қоғамдық диалогқа, әріптестікке және еліміздегі көппартиялы демократияның дамуына жағдай жасайды деп білемін", - деп атап көрсетті Нығматулин.
 

Жүктелуде...