«111» нөміріне хабарласып атаулы әлеуметтік көмек туралы біліңіз

28 Наурыз, 2019 719 0

NewsROOM+. Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы 1 сәуірден бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желіні» ашты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. 

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады. 

Сонымен қатар, қосымша анықтамалық ақпаратты өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларында келесі нөмірлер бойынша алуға болады:  



Тегтер: 111, қызметкөрсету, әлеуметтіккөмек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.