Түймебаев аудан әкіміне сөгіс берді

28 Мамыр, 2018 1756 0

Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев ОҚО әкімінен сөгіс алды. Жансейіт Түймебаев Сарыағаштағы үйлердің жағдайына күйінген. Бұл туралы newsroom.kz "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарыағашта салынған ескі үйлер, дәл қаланың ортасына салынған әжетханалар, шекарада үйілген қоқыс ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың ашуын келтірген.

Күніне 15 мың адам жүріп өтетін Сарыағаш ауданының шекара аймағында ешқандай оң өзгерістер байқамаған Түймебаев Қайрат Әбдуәлиевке ескерту жасады.

Қайрат Әбдуәлиев бюджеттен бөлінген 1,5 млрд теңгеге жеті жолға жөндеу жұмыстарын жүргізгенін алға тартты.

Алайда тұрғындарды жол емес, ауыз су мәселесі алаңдатып отыр.

"Ұңғыма бар болса да, су жоқ", - деп шағымданды аудан тұрғындары.

Әкім барлық мәселелер біртіндеп шешілетініне уәде берді.

Тегтер: түймебаев, сарыағаш, шымкент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.