Түркістан облысында жүкті әйелдерді ескі замандағыдай арқанмен босандырып жүр

28 Наурыз, 2019 546 0

Шардарада жүкті әйелдерді ескіліктегі халық әдісімен босандыру жолы көптеп қолданылып жүр. Түркістан облысында халықтың медицинаның әдісін қолға алған, - деп хабарлайды newsroom.kz сайты stan.kz сілтеме жасап.

Мұнда жүкті әйелдер арқанмен босанады. Олар отырған күйде арқаннан ұстанып босанады, деп жазады Отырар.

"Бұрындары қазақ әйелдері арқанның көмегімен босанған. Медициналық көзқараста бұл адамға пайдалы саналады. Босану кезінде әйел адам осылайша жеңіл босанады", - деді бас дәрігер Жанар Оспанова. 

Бұл әдіс шетелдік дәрігерлер де қызықтыра бастапты. Шардараға шетелден келген дәрігерлер босанудың ескі әдісін үйренеді. Дәрігерлердің айтуынша, шетелдіктер бұл әдісті тіпті патенттеп алмақ болған. Бұл әдіс қазір Шардарада қолға алынғанымен, болашақта ел аумағында қолданылу мүмкін. Жүкті әйелдер осы әдісті таңдағанды құп көреді.

"Бұл біздің салтымыз. Ата-бабаларымыз бекерге қолданбаған. Мен де осы әдісті таңдадым. Ол үшін өкінбеймін", - дейді босанушы әйел Диана Мақатай.

Шардарада үш жүзден астам жүкті әйел арқанның көмегімен босанған.


Дереккөз: stan.kz

Тегтер: босану, ауыл, Түркістан, туу, роддом, арқан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.