АҚШ Мәскеуді алыстан атқылай алатын суперзеңбірек жасауда

АҚШ Мәскеуді алыстан атқылай алатын суперзеңбірек жасауда

ашық дереккөзі

 width= АҚШ алыс қашықтықтағы жау нысанын жоюға қабілетті суперзеңбіректі жасауға кірісті. Зеңбірек Strategic Long Range Cannon (SLRC) деп аталады. Бұл туралы танымал Popular Mechanics басылымы жазды. Аталмыш қару 1150 миль (1850 шақырым) қашықтықтағы нысананы жоюға қауқарлы болмақ. Бұл қазіргі кездегі ең қуатты зеңбіректерден 50 есе көп. SLRC зеңбірегімен АҚШ өзіне жаңа мүмкіндіктерді ашады дейді сарапшылар. Зеңбіректің алғашқы сынағы 2023 жылы басталмақ. Сарапшылар бұл зеңбірекпен Солтүстік теңізден Ресейдің батысы мен Мәскеуді атқылай беретін мүмкіндік ашылатынын айтуда. «Зеңбірек теңіз күшіне жаңа тыныс беріп, линкорндарға екінші өмір сыйламақ», - дейді Popular Mechanics басылымы.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...