«Жазасын берейік»: Дикий Арман Боратты іздеуге кірісті

«Жазасын берейік»: Дикий Арман Боратты іздеуге кірісті

ашық дереккөзі

 width= «Дикий Арман» атымен белгілі Арман Жұмагелдиев Қазақстанды жаман жағынан көрсеткен фильмді түсірген Боратты іздеп жатыр. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Ассалямуалейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиді. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле — не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін», — дейді Дикий Арман.

Жүктелуде...