Ильхам Әлиев: 4 дана С-300-дің көзін жойдық

Ильхам Әлиев: 4 дана С-300-дің көзін жойдық

ашық дереккөзі

 width= Бүгін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев халыққа кезекті үндеуін жариялады. Үндеу барысында ел басшысы Әзірбайжан әскерінің майданда жеткен жетістіктері мен азат етілген елді-мекендер жайлы айтты. Жау әскерінің қанша техника жоғалтқанын санмен сипаттады. Әлиев Қарабақта жаудың 4 дана С-300-ін жойғанын мәлімдеді. Бұған дейін С-300-ді жойған видео жарияланған болатын. Әскери сарапшылар C-300-дің бағасы 250 млн доллар екенін айтуда.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...