Өзін аңыз адамға теңеген Қайрат Нұртас жұртқа жақпай қалды

28 Наурыз, 2019 887 0

NewsROOM+. Қайрат Нұртас өзін аңыз адамға теңеймін деп жұртқа жақпай қалды. Дубайда жүрген әнші Валерий Меладземен бірге түскен суретін жариялады, деп жазады Stan.kz.

"Екі легенда Дубайда кездесіп қалдық десең. Өзіңді өзің көтермесең, Меладзе көтереді деп қусаң. Валерий көкеммен бір фото", - деп бөлісті Қайрат.

Желі қолданушыларына Қайраттың өзін-өзі әспеттеп, мақтағаны ұнамай қалды. Көпшілік Қайратқа шетелдік тыңдарманның жүрегін жауласа да, мақтаншақтықтан аулақ жүретін Димаш Құдайбергеннен үлгі алуға кеңес берді.

"Ханның басын xан алар, қардың басын қар алар деп, қазіргі легенда Кремльде концерт беріп жүр негізі", "Сізге Меладзеге жету айға жаяу барғанмен тең", "Легенда деп Димашты айтуға болады негізі", "Өзіңе көп алатын баласың ғой", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, хитмен бүгін, 28 наурыз күні Дубай қаласында концерт береді.


Тегтер: қайратнұртас, ВалерийМеладзе, әнші, концерт, дубай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.