Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты Криштиану Роналдуға ұқсатты

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты Криштиану Роналдуға ұқсатты

ашық дереккөзі

 width= Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты танымал Футболшы Криштиану Роналдумен салыстырды. Ол қос жұлдыздың ұқсас қасиеттерін байқаған болып шықты. Ананың айтуынша, Қайрат Нұртас пен Криштиану Роналду "мамаларының балалары" екен, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Жоғарыда айтып өткендей Гүлзира Айдарбекова олардың ұқсас жақтарын анықтаған. Ол Instagram парақшасында атақты футболшының анасы жайлы сұхбатын жариялап, оның айтқан сөздерін дұрыс деп бағалаған. Сонымен қатар продюсер Роналдудың анасына деген махаббатына риза болып, өз ұлына ұқсатқан. Айдарбекова жариялаған видеода Роналдудың бұрынғы сүйіктісі футболшының әр шарасына анасының еріп баратын, бұл әрекетті ұнатпайтынын айтып шағымданған. Ал футболшы болса анасын ешқашан тастамай қасында алып жүретінін түсіндіріп, сүйіктісімен байланысын үзген екен. "Бірінші видеодағы, мына жігіт те мамасының баласы екен. Тура Қайрат сықылды. Бұл ойы кімге ұнады? Жүйкесіне тиіп, кімдерге ұнамады" , - депті Айдарбекова.

Жүктелуде...