Жандарбек Бекшин Алматы қаласына бас санитар болып келді
Жандарбек Бекшин Алматы қаласына бас санитар болып келді
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен 2020 жылғы 18 сәуірден Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.
Бұған дейін Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін Айзат Молдағасымова атқарып келген еді.
Дегенмен, дәл осы сәттерде Айзат Молдағасымованың қандай себептермен мұндай лауазымды қызметтен бас тартқаны туралы ресми мәліметтер таратылған жоқ.