Қуандық Рахым карантиге қарамастан той өткізді: Жұлдыздар жазалана ма?

Қуандық Рахым карантиге қарамастан той өткізді: Жұлдыздар жазалана ма?

ашық дереккөзі

 width= Жезқазғанда карантинге қарамастан өткен демалыс күндері той өткізгендер бвр. Тіпті, онда қазақстандық эстрада жұлдыздары болған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желіде 19 қазанда Жезқазғанда танымал әнші Қуандық Рахымның үйлену тойы туралы мәлімет тарап кетті. Бұл тойға әнші мен оның қалыңдығының жақындарынан бөлек, әріптестері де келген. Олардың арасында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқа да еліміздің жұлдыздары болды. Оқи отырыңыз: Қуандық Рахым шаңырақ көтерді "Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда "Ұлытау" мейрамханасында жүзге жуық адам қатысқан үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласының полиция басқармасының есеп кітапшасына тіркелген. Жеке кәсіпкерік иесі мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Жүктелуде...