Үндістан өзін ғарыш державасы деп жариялады

27 Наурыз, 2019 926 0

NewsROOM+. «Әлемде тек үш мемлекет қана – АҚШ, Ресей және Қытай аталған мүмкіндікке ие. Үндістан өзін жерде, суда, ауада енді ғарышта да қорғауға қабілетті».

Үндістан жерден 300 шақырым биіктікте орналасқан аппаратты қағып, өздерінің әуе спутнигіне қарсы қаруларын сынақтан сәтті өткізді. Бұл туралы сейсенбіде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди халыққа жасаған үндеуінде хабарлады.

«Үндістан АҚШ,Қытай, Ресей сынды ғарыш әлеміндегі державалар қатарына енді. Біздің әуе спутнигіне қарсы қаруымыз жер маңына жақын орбитаның төменгі бөлігінде аппаратты сәтті қағып түсірді» - Н.Моди.

Қаруды Үндістанның қорғанысты зерттеу және жасақтау ұйымы жасап шығарған. Моди аталған ұйымның мамандарын жеңістерімен құттықтады.

«Әлемде тек үш мемлекет қана – АҚШ, Ресей және Қытай аталған мүмкіндікке ие. Үндістан өзін жерде, суда, ауада енді ғарышта да қорғауға қабілетті» - Үндістан премьер-министрі.

Спутникке қарсы қару-жарақ бойынша Үндістанның жұмыс жүргізіп жатқанын 2010 жылы Үндістанның қорғанысты зерттеу және жасақтау ұйымының сол тұстағы басшысы болған Виджай Кумар Сарасват хабарлаған еді. Сарасват ұйым орбитаның жерге жақын және полярлы бөлігінде жаудың спутнигін қағып түсіретін зымыран жасауға қауқары жететінін алға тартты. 2012 жылы Үндістан "Агни-5" баллистикалық зымыранын сәтті сынап, келесі кезекте спутникке қарсы қару-жарақ жасайтындарын мәлім етті.

Премьер-министр Модидың ақпарына сәйкес «Шакти миссиясы» деген атауға ие болған А-SAT спутникке қарсы жүйесін сынау толығымен сәтті жүзеге асқан – зымыран спутникті іске қосылғаннан кейінгі үш минутта сұлатып түсірген. Сынаққа қатысты басқа ақпарлар хабарланбайды.

newsroom.kz сайтын NewsRoom+ андроидқа арналған мобильдік қосымшасы арқылы оқыңыз.


Тегтер: үндістан, ғарыш, әуеспутнигі, зымыран

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.