Мақтааралдықтар қоныс тойын тойлауда

Мақтааралдықтар қоныс тойын тойлауда

ашық дереккөзі

 width= Қиын уақытты бастарынан өткізген Мақтааралдық тұрғындар қоныс тойын тойлауда. Бұл туралы Нұр Отан партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өз facebook парақшасында қуанышпен жар салды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.  width= "Құрметті достар! Әрбір қиындықтың соңында бір жеңілдік бар деген. Мақтааралдықтар үшін бұл күн - сондай ғажайып, қуанышты сәт. Ауыл тұрғындары сән-салтанаты келіскен, көркі көз тартар жаңа үйлерге кіріп, қоныс тойын тойлауда. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанып, риясыз көңілден алғыстарын жаудырған жұрт. Мақтааралдық ағайынның шаттыққа толы осынау қуанышты сәттерінен алынған көрініске сіздер де куә болыңыздар. Еске сала кетейін, биылғы мамырда су басудан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына Елбасының тапсырмасы бойынша «Birgemiz» қорының қолдауымен 20 жаңа үй салынған болатын. Кеше «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен осы үйлердің кілті табыс етілді. Келесі айда тағы 12 үйдің құрылысы аяқталады. Сындарлы сәтте алғашқылардың қатарында мақтааралдықтардың жанынан табылып, қол ұшын берген «Nur Otan» берілген уәде үдесінен шықты. Зардаптың салдары жойылып, қысқа уақытта жаңа үйлер бой көтерді. Бұл – елдіктің, бірліктің арқасы. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қиын-қыстау кезеңде бір біріне көмек беріп, қолдау көрсеткен барша азаматқа алғысымызды білдіреміз"! https://www.facebook.com/100046917669749/videos/196246051949316/?extid=0

Арман Қырықбаев

Жүктелуде...