50 млн доллар: Қазақстандық азамат АҚШ-та аса ауыр қылмыс жасады

50 млн доллар: Қазақстандық азамат АҚШ-та аса ауыр қылмыс жасады

ашық дереккөзі

 width= АҚШ-та 50 миллион доллар көлемінде контрабанда жасады деген ауыр айыппен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі NUR.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық, ресейлік және үш америкалық азаматтың Ресейге құны 50 миллион доллардан асатын электрониканы заңсыз әкелген деген айыппен ұсталғаны туралы ТАСС агенттігі Нью-Йорктің Шығыс округі бойынша прокуратурасының арызына сілтеме жасап мәлімдеді. Прокуратура ресейлік пен қазақстандықты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіріп отыр.

Себебі, "аталмыш елдерде өзара экстрадициялау туралы келісімнің болмауын ескерсек, ұсталғандар Ресейге, Өзбекстанға немесе Қазақстанға қашып кетуі әбден мүмкін" дейді құзырлы мекеме.
Басылым атап өткендей, егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, оларға ауыр жаза тағайындалады. Мәселен, тиісті экспорттық декларациясыз тауарларды тасымалдаудың әрбір жағдайына АҚШ-та бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал контрабанда жасағандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Жүктелуде...