Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Түркістанға келді

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Түркістанға келді

ашық дереккөзі

  •  width=
"Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Түркістан қаласына келді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ол партияның Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы талқыланған мәжіліске қатысты.  width= Жергілікті қоғам белсенділерімен, партия мүшелерімен, БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында облыста праймериздің қалай өткенін баяндадық. Өңірде белсенділік өте жоғары болды. Ал негізгі тақырып бойынша Түркістан қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюповтың баяндамасы тыңдалды.  width= Жалпы партия тарапынан Түркістан облысын дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылған. Әр аудан, әр қаланың өз бағдарламасы жасалды. Оның ішінде Түркістан қаласының орны айрықша. Бүгінде Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен Түркістан қаласы өте қарқынды даму үстінде. Бұл ретте облыс әкімі, партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев жұртшылықты ұйыстырып, қаланы дамытуға айрықша еңбек сіңіруде. Елбасының тарихи Жарлығы рухани астанаға қанат бітірді десек болады. Небәрі 2 жыл ішінде су жаңа 14 нысан пайдалануға берілді. Әлі талай ғимарат салынып жатыр. 2025 жылға дейін қаланың барлық инфрақұрылымдық мәселелері шешіледі. Газ, су, электр, жол мәселелері болмайды. Бұл бағытта нақты жоспар, бағдарлама бар. Сонымен бірге Түркістанды түркі әлемінің рухани орталығына айналдыру жөніндегі Елбасы тапсырмасы да жүзеге асуы тиіс. Оған толық мүмкіндік бар. Бүгінгі жиында сайлауалды бағдарлама ашық талқыланды. Бауыржан Қыдырғалиұлы жергілікті белсенділердің сұрақтарына жауап берді. Нақты ұсыныстар тыңдалды. Түркістанның келешегі жарқын болады. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та, тұтас ел де, "Nur Otan" партиясы да мүдделі. Сол меже биігінен табылайық!

Бейсен Тәжібаев

Жүктелуде...