Мәдина Садуақасова Мейрамбек Беспаевқа ғашық болғанын мойындады

27 Наурыз, 2019 724 0

NewsROOM+. Сәдуақасованы толғындарған тақырыптар тым бөлек. Әнші өмірі мен өнері жолында барлық бақыттың дәмін татқанымен, дәл қазіргі таңда жалғыз ғана арманының, орындалмай жүргенін айтады. Мәдинаны жиі мазалайтын мәселе турасында, НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтылады.

Мәдинаның «Махаббат жалыны» атты алғашқы бейнебаянындағы образын қайта жаңғыртуы тегін емес. Өнер иесі кезекті клипіне 1999 бен 2019 жылдардың арасындағы өмір жолын тоғыстырмақ ниетте.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-1999 және 2019! Режиссердың ойы бірінші. Бір салыстырмалы түрдегі осы екі кезең. Өйткені, мүлдем бөлек. Заманда өзгерген, адам да өзгерген.

«Үнсіздік» бейнебаянында Сәдуақасованың жүріп өткен жолы айна-қетесіз көрсетіледі. Сондай-ақ, кезінде өзі ғашық болған серінің де сырын ашпақшы. Ол жайында осы уақытқа дейін ешбір жанға тіс жармай келген бикеш, бұл құпиясымен ақыры бөліспекке бекініпті. Мәдинаның студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт – Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Мәдина Сәдуақасова мысалы өзгерді. Мүлдем басқа адам. Жас студент кезде ғашық болған адамы, мына өмірде, қазіргі оның досы, әріптесі және де ешқандай сезім қалмаған.

Қазіргі таңда Мейрамбек пен Мәдинаның арасында сезімге орын жоқ, есесіне әріптестік қарым-қатынасқа қаз-қалпында. Ал, өнерде бағы жанған Сәдуақасованың, өмірде қолы жетпеген тағы бір арманы бар.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Мен армандасам, ол орындалады! Сондықтан менің армандарымның – 98 пайызы орындалды дәл қазір. Екі-ақ пайыз қалды орындалмаған. Ендігі арманым – қызды болу!

Бұл Мәдинаның өмірдегі арманы! Ал өнер жолында мәңгілік халықтың қошеметін сезініп, әншілік бақытының ғұмыры ұзағынан болса деп тілейді.

Тегтер: МәдинаСәдуақасов, әнші, мейрамбек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.