Бүгін Сайрам Ауданының әкімі Уласбек Садибеков Ақбұлақ ауылындағы екі жүзге жуық жылқысы бар «Ынтымақ» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Шаруа қожалықта 195 сауынды бие мен 5 асыл тұқымды көкпар жылқысы бар.
– Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін әртүрлі себептерге байланысты мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары артта қалып, малымыздың тұқымдық деңгейін түсіріп алдық, – дейді шаруа қожасы. – Міне, осы олқылықты жолға қою – қазіргі кезде әрбір қазақтың міндеті деп білемін.
«Ынтымақ» жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысын жолға қою үш-төрт жыл бұрын басталған. Шаруа қожасы алдымен шаруашылықта өсірілетін жылқы табындарын тұқымына, өнімділігіне, тиімділігіне қарай іріктеп, сосын үйірге көңіл бөле бастағанын, жылқы шаруашылығының басқа да қыр-сырын әңгімеледі.